Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі Кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін және ол күн тәртібінде тұрғанын атап өтті. Республикаға таза Атом энергиясы қажет, дейді мемлекет басшысы, деп хабарлайды QazaqToday ақпараттық агенттігі. Тоқаев ең бірінші түрлі фобия, қорқыныш, елесті еңсеру, халық арасында атом энергетикасының қазіргі әлемдегі маңызы мен рөлі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу жетіспей жатқанын айтқан болатын. Қалай десе де Қазақстанда Атом электр станциясы салынатыны айдан анық. Соңғы бір жылда мұны президенттен бастап салаға жауапты мамандар ашық айта бастады. Жекелеген сарапшылар да Қазақстандағы АЭС құрлысының экономикалық негіздемелері мен қауіпсіздігі туралы мәселелерді талқылау үстінде.
«Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин бұған дейін энергия алу бекетінің құрылысына шамамен 6-12 млрд АҚШ доллары көлемінде қаражат жұмсалатынын мәлімдеді. Қазір бұл қаражат АЭС-тің 2 блогын салуға жетеді. Ол шамамен 1000-1200 МегаВатт энергия өндіруі керек.
Компания басшысы Атом электр станцияларын салу үшін екі мекенжай таңдап алынғанын айтады.
«Олар Алматы облысындағы «Үлкен» елдімекенің маңы. Жобаның құрылысы қашан басталатыны беймәлім. Ал қолданысқа беру мерзімі – 2035 жыл. Электр станциясына салынған қаражаттың өзін өзі ақтау кезеңі 20 жылға созылады. Бірақ техникалық-экономикалық негіздемесі жасалған жобаға қатысты мемлекет нақты шешім қабылдамай отыр», -деді Т. Жантикин.
Сарапшылар Алматы облысындағы «Үлкен» ауылы бұл жобаны жүзеге асыруға қолайлы. Себебі Кеңес заманында мұнда су электр станциясын салу қолға алынып, зерттелген. Балқаш көлінің маңынан инфрақұрылым жасалып, жұмысшылар қалашығы жасақталғанын алға тартты.
Алайда жекелеген энергетик-мамандар Қазақстанда АЭС салу тиімсіз екенін айтады. Бұрын да осы бастаманы сынға алып жүрген сарапшы электр станциясын салудың қателіктерін тізіп шыққан болатын. Десе де атом энергетикасы әлемде қымбаттап барады. Оған себеп – қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көп ресурс жұмсалады. Оның орнына балама ретінде энергия көздерін шығаратын батареялар өндірісін қолға алған жөн. Атомнан энергия алу батареядан қуат көзін алғаннан ондаған есе қымбат. Еуропаның, соның ішінде Батыс Еуропа елдері осы тәжірибені енгізді, дейтіндер баршылық. Ғалымдар АЭС-ке байланысты тартыс басталғанда Дания мемлекетінің энергия көздерін жасау мүмкіндігін мысалға алып, дәлелдеген болатын. Нақты осы ел жаңғырмалы энергия бойынша қазір әлемде көшбасшы. Бұл уәжді ешкім жоққа шығармайды. АЭС тұрақты энергия көздерін беріп отыратын бірден-бір жоба екенін,ө ұмытпау керек.
Мамандар Қазақстанда 2035 жылға қарай электр энериясының тапшылығы 30 пайызға артады деп болжайды. Айта кету керек, жақында Қасым-Жомарт Тоқаев Парижге барған сапырнда Қазақстан үшін қайткен күнде де атом электростанциясы керек, деді. Президент бұл жобаны қолға алмасақ, еліміз экономикалық жағынан зардап шегіп, республикаға келетін инвестиция кемиді және аймақтағы көшбасшылық қабілетінін айырылады деген болатын. Қазір бірнеше мемлекетпен АЭС салу мәселесі бойынша келіссөз жүріп жатыр. Соның бірі – Франция.
«Қоғам АЭС мәселесін тым саясиландырып жіберді. Оған әлем елдері қажеттілік, заман ағымына қарай халықтың экономикалық-әлеуметтік мәселесін шешу тұрғысынан қарайды. Біз де оны ғылыми тұрғыдан саралап, әлеуметке баламалы энергия көздерінің керек екенін ұғындыруымыз керек. Ерте ме, кеш пе бұл сұрақ пісіп-жетіледі. Оған дейін атом электр станциясына қажетті мамандарды дарялай беруіміз керек.
«Қараңыз, 2035 жылға дейін электр балансын сараптап қарасақ, біздің шығын 30 пайызға дейін көбейеді. Қазіргі тұтынумен кете бересін болсақ, осыған барады. Сондықтан біз нені ойлауымыз керек? Сондықтан бәрібір жаңа электр станцияларын салуға тура келіп тұр. Ол қандай АЭС болады? Егер біз көзді жұматын болсақ, аым, көмір, газ болсын, бәрібір болуы мүмкін. Себебі халыққа қандай энергия болса да бәрібір. Ол болса бастысы деп ойлайды. Бізге керегі электр энергиясы деп қарасақ, бізде экономика да жақсы дамитыны белгілі. Жаңа электр станциясын салу үшін оны айта бермей, нақты жүзеге асыру керек.
Сондықтан оны саясиландырмау керек, оған ғылым тұрғысынан қарау керек. Әлемде бұл саясат емес, балама энергия көздерін табудың ғылыми аспектлеріне мән береді. Сарапшылар қазір осы жағына көбірек мән беру керек. Әсіресе ғылыммен айналысатын мамандар ісіне назар аудару керек деп санаймын. Қазір бұл жұмыс ақырындап жүйеленіп келеді. Түбі біз осы атом электр стансциясын салудан басқа амал жоқ екенін түсінеміз. Бірақ оған ешқандай қысымсыз, қоғамға түсіндіру арқылы жетуіміз керек. Мұнда мамандардың да, халықтың да пікірі маңызды.
Қазір АЭС-ті саламыз ба, салмаймыз ба деген сұрақ тұрған жоқ. Оны қай жерде саламыз және оның қуаты қанша болуы керек деген мәселе күн тәртібінде талқыланып жатыр. Кейбір сарапшылар үшін бұған күдікпен қараудан бұрын, оның қажеттілігін түсінетін кез жетті. Қазір сосын асықпай саралап, қателеспейтіндей шешім қабылдауға мүмкіндігіміз бар», — деді Ғалым, Алматы энергетика және байланыс институтының PhD докторы Алмас Саухимов.
Қазақстан аумағында атом электр станциясын салуға 10 жылдан 12 жылға дейін уақыт кетуі мүмкін. Сарапшылардың бағалауы бойынша, тек дайындық пен жобалауға 3 жылдан 5 жыл аралығында мерзім керек. Сонымен қатар, бұл тек атом өнеркәсібінің ғана емес, онымен байланысты салалардың дамуына да жол ашады. Мысалы, машина жасау және құрылыс материалдарын өндіруге осы энергетика көзінің септігі тиеді.
Мамандардың пікірінше, АЭС электр энергиясының жетіспеушілігі мәселесін шешуге көмектеседі. 2028 жылға қарай тек оңтүстік аймақта тапшылық 1000 Мегаваттан асады. Еліміздің ядролық-отын кешені жеткілікті дамыған, ал мамандарда тапшылық жоқ, дейді сарапшы, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас менеджері Әсет Махамбетов. Ядролық-энергетикалық технологиялардың ағымдағы нарығына көз жүгіртсек, реакторларды жеткізушілер өз реакторларын жобалау кезінде станцияда қандай да бір апат болмау жағына қатты назар аударады. Осыған байланысты қазіргі реакторлар 50-80 жыл бұрын салынған реакторларға қарағанда әлдеқайда қауіпсіз саналады.
Қазақстандық тарап жоспарланып отырған АЭС құрылысы аясында әлеуетті жобаны салу үшін келіссөздерді жалғастырып жатыр. Бірқатар шетелдік компаниялардан тиісті ұсыныстар түскен.
«Біз олардың барлығымен келіссөздерді жалғастырамыз. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің деректері бойынша технологияны таңдау 2022 жылдың аяғында немесе 2023 жылдың басында күтіліп отыр. Энергетика министрлігінің ресми болжамы бойынша 2028 жылға қарай оңтүстік аймақта электр энергиясының тапшылығы шамамен 1400 МВт-ты құрайды. Осыған байланысты, атом электр станциясының құрылысы энергия тапшылығы мәселелерін шешуге, сондай – ақ 2060 жылға қарай көміртекті энергокөөдерінен тәуелсіз болу мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Қазақстан өз алдына осындай мақсат қойды»,- дейді Әсет Махамбетов.
Қазақстан соңғы жылдары Оңтүстік Корея, АҚШ, Франция, Қытай, Ресей мүмкіндіктері бойынша сату және техникалық зерттеулер мәселелерін пысықтады. Әртүрлі коммерциялық ұсыныстар қарастырылды. Келіп түскен ұсыныстар 2014 жылдан бері талқыланып келеді.
«Ядролық энергетикалық инфрақұрылым мен бағдарламаны дамыту деген ұғым бар. Бұл ұзақ уақытты алады. Ертең біз құрылысты бастаймыз, бірақ бұған халық дайын ба деген сұрақ бар. Бізде өте жақсы база бар. Қазақстанда ядролық-отын циклі жеткілікті дамығанын бұдан бұрын да айтып жүрміз. Біз уран өндіру бойынша көшбасшымыз, бізде үш зерттеу реакторы бар, оларды пайдалану бойынша өте жақсы тәжірибеміз де қалыптасқан. Өкінішке орай, біздің елде көп адам біле бермейін мынадай дерек бар. Ол Қазақстанда 1973-1999 жылдар аралығында БН-350 реакторы қауіпсіз пайдаланылғаны»,- дейді Әсет Махамбетов.
Оның айтуынша, атом электр станциясы энергетикалық ғана емес, сонымен қатар іргелес салаларды дамыту үшін мультипликативті әсер береді, өйткені станция құрылысы кезінде өнеркәсіп пен ғылымның әртүрлі салалары тартылатын болады. Махамбетов қазіргі уақытта Қазақстанда ядролық физика мамандарын екі жоғары оқу орнында дайындап жатқанын айтты. Сондай-ақ, шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жоспарланып отыр.
Біздің бастапқы ғылыми әлеуетіміз жаман емес. Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталықтың Ядролық қауіпсіздік саласындағы әртүрлі жобалар бойынша жұмыс тәжірибесі, негізінен шетелдік тапсырыстар бойынша, жақсы эксперименттік база туралы айтуға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда отандық атом энергетикасын дамытуда өте пайдалы болады. Сонымен қатар, елімізде Алматыда ядролық физика институты (ЯФИ) және басқа да бірқатар қазақстандық жоғары оқу орындары жұмыс істеп жатыр.