Енді рейсті кешіктірген әуекомпанияның басшысына да айыппұл салынады

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев елімізде рейсті кешіктіргені үшін  енді әуекомпаниялары ғана емес, олардың басшылар мен әуежайлардың топ-менеджерлерін де жазалауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Бүгінгі Үкімет отырысында министр рейстердің кешігуіне әсер етіп отырған факторларға тоқталды. Олар – еліміздегі алты әуежайда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстары, ауа райы жағдайлары және адам факторы, яғни  жолаушылар ағынының өсуі.

Осы ретте министрлік ұшақтардың кешігуін азайту үшін түрлі жазалау шарасын енгізбек.

– Бұған дейін әуекомпанияларына кешіккені үшін айыппұл салынған болса, енді жаңа механизм бойынша олардың топ-менеджерлеріне де айыппұл салынады, – деді Марат Қарабаев.

Сонымен оның сөзінше, әуежайлардағы жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланып отыр.