Фото: gov.kz
Әлеуметтік желіде жарияланған атышулы «Айка тізімі» бойынша іс «Антикорға» берілді, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
«Қазіргі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті Қылмыстық кодекстің 423-бабы «Сотқа дейінгі іс жүргізу деректерін жария ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оның пайда болу мән-жайлары, сенімділігі және таралуы, жүргізіліп жатқан тергеу аясында әлеуметтік желілердегі жеке деректерге қатысты ақпарат анықталуда», — делінген ІІМ хабарламасында.
Еске сала кетсек, былтыр желтоқсанда элиталық эскорт қыздар желісін ұйымдастырушы Айкаға қатысты деректер интернетке тарап кетті. Онда тізімдегі қыздардың жеке деректері таралып кеткен.