«Ембімұнайгаз» кен орнында апат болды

«Западная Прорва» кен орнының №437-ші ұңғымасында сорғы компрессорлық құбырын түсіру кезінде сыртқа газ шыққан, деп хабарлайды Qazaq.today.

Ресми расталмаған ақпаратқа сәйкес, тұтанған өрттен биіктігі 20 метр болатын газ алауы отқа оранған.

«Ембімұнайгаз» баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Жедел штаб құрылып, тиісті шаралар дереу қолға алынған. Ұңғыманың айналасы қоршалған, оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдай бақылауда, жұмыс штаттық режимде атқарылып жатыр, – деп мәлімдеді мұнай өндіруші компания.

Апат салдарын жоюға мамандандырылған қызметтер жұмылдырылды.

Фото: Видеодан кадр