Елорданың атауы өзгере ме: Алтай Көлгінов жауап берді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елордаға бұрынғы атауы қайтарыла ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды qazaq.today KAZ.NUR.KZ тілшісіне сілтеме жасап.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері бұл мәселе көптеген қазақстандықты толғандыратынын және кейбір ел тұрғыны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына петиция дайындағын атап өтті. Осыған байланысты журналистер елорда әкімінен «қаланың бұрынғы атауы қайтарыла ала ма?» деп сұрады. «Тарихи шешім қабылданды. Қаланың ресми атауы – Нұр-Сұлтан. Біз осы қалада тұрамыз және жұмыс істейміз», – деп жауап берді Алтай Көлгінов. Сонымен қатар ол үнемі атауы ауысып тұратындардың жақтаушысы емес екенін айтты. «Мен бәрінің атауын өзгертуді жақтамаймын, шешім қабылданды. Ал қабылданған шешімдерге баға бермеймін», – деді елорда әкімі. Еске сала кетсек, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа Нұр-Сұлтан қаласының атауы қайтадан «Астана» деп өзгертіле ме деген сауал қойылды. Ол «әзірге бұған ешқандай себеп көріп тұрған жоқпын» деп жауап берген болатын.

Соңғы

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек....

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана...

Бір мандаттық жүйе бойынша ең көп дауыс жинаған кімдер?

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі шықты. Оны...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Абай облысында есірткі сатқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Абай облысы Жарма ауданында ірі көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды. Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today...

ЕО елдері Түркияға 7 млрд еуро бөледі

Еуроодаққа мүше елдер Түркияға 7 млрд еуро көмек бөлмек. Бұл зілзаладан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруге жұмсалады. Мұндай мәлімдеме Еуроодақ елдерінің Брюссельде өткен арнайы жиын...

Іле ауданында 9 сыныптың оқушысы босанып қалды

Алматы облысының Іле ауданында 15 жастағы оқушы қыз ана атанды. Междуреченск ауылындағы мектепте оқитын қызды көршісі зорлап келген. Күдікті ретінде 53 жастағы еркек ұсталды....

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here