Елордалық өрт сөндірушілер Астана әуежайының аумағында құрғақ шөп өртін жою жұмыстарын жалғастырып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт аумағы үш гектарға дейін ұлғайған, — деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сағат 14:30-дағы жағдай бойынша, құрғақ шөп пен қамыс өртенген аумақ бір гектардан үш гектарға дейін өскен.
«Қазіргі таңда өртті Астана ТЖД жеке құрамының 40 адамы және 5 техника, қала әкімдігінің 4 су шашатын машинасы сөндіріп жатыр.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталады. Шөптің құрғақ болуына және жел соғуына байланысты өрттің жылдам таралуы сөндіру жұмыстарын қиындатып тұр», — делінген хабарламада.
Qazaq.today