Елордада қоғамдық орында бір топ жас сепаратизмді насихаттайтын ән орындады

Елордадағы Есілдің жағалауындағы қоғамдық орында бір топ жас ресейлік жалдамалы жендеттер туралы ән орындады. Бұл туралы Халық үні сайты жазды.

Есілдің жағасындағы қоғамдық орында көше караокесі жұмыс істейді. Демалушылар қалаған әніне тапсырыс беріп, тегін орындай алады.

Жексенді, 24 шілдеде бір топ жас ресейлік «Вагнер» жеке әскери компаниясы (ЧВК Вагнер) деген атпен танымал жалдамалы жендеттер туралы әнді орындады.

Еске сала кетейік, «Вагнер» жеке әскери компаниясы – ресми мойындалмаған қарулы құрылым. Бұл топ 2014 жылдан бастап Украинада, содан кейін Сирияда жұмыс істеген. 2017 жылдың маусым айында Вагнер тобы АҚШ-тың санкцияларының тізіміне енгізілді. 2018 жылдың 28 шілдесінде ресейлік бір топ тәуелсіз журналист аталған топ туралы зерттеу фильмін түсіру үшін Сирияға аттанады. Алайда екі күннен соң журналистердің көз жұмғаны белгілі болды.

Сондай-ақ 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін бірқатар мемлекет «Вагнер» тобына санкция салды. Бүгінде бұл құрылымның жендеттері Украина жерінде соғысқа қатысып жатқаны туралы ақпарат бар.

Осы ретте Halyq Uni тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөліміне сауал жолдап, қоғамдық орындардағы караокеде айтылатын әндердің тізіміне қатысты жүгінді.

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here