Елордада алапат өрт сөндірілді (ВИДЕО)

Астанада резеңке бұйымдар сақталған қойма өртенді, деп хабарлады ТЖМ.

Оқыс оқиға Сарыарқа ауданында болған. Өрттің ауданы – шамамен 1 мың шаршы метр. Резеңке бұйымдардың жанып, жоғары температураның болуы өртті сөндіруді қиындатты.Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 61 маманы мен шамамен 15 техника жұмылдырылды. Өрт таңғы сағат 08:46-да сөндірілді.