«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, 2024 жылғы 7, 8 және 9 қарашада республика бойынша ауқымды циклонның әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Сонымен, метеорологтар атап өткендей, жаңбыр жауып, қарға айналады. Қазақстанның солтүстігінде бұрқасын күтіледі.
7 қарашада түнде республиканың солтүстігінде қалың қар жауады. Шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын болуы мүмкін.
«Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында екпіні секундына 30 метр және одан да көп болатын өте күшті жел сақталады», — дейді «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі
Сонымен қатар, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде -5-10°, күндіз 2-7°-қа дейін төмендейді деп күтілуде.
«Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 5 градус аязға дейін төмендейді — 3 градус жылы, таулы аймақтарда 6-11 градус аяз болады», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.