Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қоры Құрбан айт мерекесі кезінде еліміз бойынша құрбан шалуға арналған арнайы орындардың тізімін жариялады , деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Қайда құрбан шалуға болады
- Астана қаласы бойынша құрбан шалу рәсімі «Жайлау», «Баракат», «Шанхай», «Шопан ата», «Ет хан», «Шаушен» шаруа қожалығы — Алаш тас жолы, 136Б мал базарларында жүзеге асырылады.
- Алматы қаласының тұрғындары құрбандықты «Алтын сақа» мал базарында шала алады.
- Шымкент қаласында құрбан шалу орны ретінде «Халал Қасап» мал базары мен қасапханасы белгіленді.
- Абай облысы Семей қаласында — «Сары» мал базары және «Ақшың» қасапханасы.
- Ақмола облысы, Көкшетау қаласында — «Бижан ет өңдеу» және қалалық мал базарларында.
- Ақтөбе қаласында құрбан шалу «Айбек» ет комбинаты, «Дала елі» ЖШС, «Есік» ЖШС, ЖК «Молдабеков», ЖК «Қасым» мал базарларында өтеді.
- Алматы облысында құрбандық Қонаев қаласы, Қарлығаш шағын ауданында шалынады.
- Атырау қаласында — «Тума» мал базары мен «Иманғали», «Құспан молла», «Қ.Мұңайтпасов» мешіттерінде.
- Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында — «Ел ырысы» және «Адал ет» мал базарларында.
- Жамбыл облысы Тараз қаласында — «Байданов» және «Рамазан» мал базарларында.
- Жетісу облысы Талдықорған қаласында — «3-ші бөлімше» тұрғын үй алабы мен қалалық мал базарында.
- Қарағанды қаласында —Гоголь2/23, Сейфуллина 53, Резник 18 мекенжайларында орналасқан мал базарларында.
- Қостанай қаласында — «Амиго» және «СОЮЗ» ТС мал базарларында.
- Қызылорда қаласында — 1 мал базары КЗО ет құрбан шалу үшін белгіленген.
- Маңғыстау облысы Ақтау қаласында — «Көркем Әлем ет комбинаты» мал базарында.
- Павлодар қаласында — «Құлагер» ипподромында.
- Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында — Жұмысшы кентіндегі (Космонавтар көшесі, 2) мал базарында.
- Түркістан облысында «Түркістан-Ахмет Яссауи» облыс орталық мешіті, «Кентау орталық», «Шолаққорған орталық», «Ысқақ» орталық, «Дәулетұлы Бегалы ата», «Түлкібас ата», «Нақыпбекұлы Әуен», «Ы.Иманалиев», «Нұр», «Мұсылмандар», «Абдул Әкім», «Шардара орталық», «Нұғман», «Сатыбалды Иманбердіұлы», «Дервиш Әли» мешіттері, сондай-ақ «Құлагер Ет» ЖШС, «Қарабұлақ», «Сайрам» қасапханалары құрбан шалу үшін арнайы белгіленген.
- Ұлытау облысы Жезқазған қаласында — «Құлжанов» және «Рыбачий» мал базарларында.
- Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында — «Атығай Асуы» құрбан шалу орны.
Құрбан айт мерекесі 6 маусымда басталады.
Құрбандықты онлайн шалуға болады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайтты іске қосты. Енді қазақстандықтар қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай құрбандық малын онлайн түрде таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудару арқылы құрбан шалуға қатыса алады.
«Бұл мүмкіндік әсіресе ірі қалалардағы мұсылман қауымы үшін өте ыңғайлы. Сайтта қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйені бір немесе 7 адам бірігіп шалуға болады. Тапсырыс сәтті өткен соң ұялы телефонға SMS хабарлама келеді, ал құрбандық мал шалғаннан кейін оның фото және бейне есебі де тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі», — деп хабарлайды Мүфтият.