Елімізде коронавирусты жұқтырғандар саны артты

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 32 жағдайы тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінде айтылды.

21 маусымда коронавирус науқастары келесі өңірлерде анықталды:

Нұр-Сұлтан қаласында – 7

Алматы қаласында – 18

Шымкент қаласында – 1

Ақмола облысында – 1

Ақтөбе облысында – 1

Атырау облысында – 1

Батыс Қазақстан облысында -1

Қарағанды облысында – 1

Қызылорда облысында – 1

Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус 1 306 014 адамда тіркелді.

22