Елімізде колледж студенттерінің стипендиясы 50% өсті

Биылғы оқу жылында 190 мың жас колледж студенті атанды, деп хабарлады Qazaq.today Halyq Uni -не сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олардың 133 мыңы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын болады. Кәсіпорындардың өтінімі бойынша 10 мың студент білім алады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға ұлғайтылды. Техникалық және кәсіптік колледж студенттерінің 75 мыңы квота бойынша қабылданды.

Айта кетсек, мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға қайта бағдарланды. Олардың қатарында геология, энергетика, металлургия, машина жасау, көлік, IT, құрылыс, педагогика және медицина сияқты салалар бар.

Колледж студенттерін ынталандыру мақсатында қыркүйектен бастап стипендияны кезең-кезеңімен арттыру қарастырылған: 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 50% өссе, 2024 жылы 100%-ға дейін жеткізіледі.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттер әлеуметтік қолдаумен, оның ішінде стипендиямен, тамақтанумен және жолақымен қамтылған. Сондай-ақ жаңа оқу жылында колледж студенттері үшін 2,5 мың орындық 13 жаңа жатақхана ашылады.

 

Qazaq.today

18