Елімізде күн қайтадан жылына бастайды

Түнде ауа температурасының жоғарылауы күтілуде, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

  • республиканың батысында және солтүстік-батысында 0-8°С дейін;
  • солтүстікте, орталықта -5-15°С дейін;
  • шығыста -7-18°С дейін;
  • оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында -8°С +2°С дейін.

Бұл ретте, гидрометеорологиялық орталықтың хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі.

«Жақын күндері республикадағы ауа райын Баренц теңізі аймағынан келетін циклон анықтайды, онда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр және қар) күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, қар жауып, екпінді жел соғады деп болжануда», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.