Фото: әлеуметтік желі
22 сәуірде арнайы ХҚКО-да техникалық ақауға байланысты жүргізуші куәлігін алу мен көлікті қайта тіркеу қызметтері уақытша тоқтап тұр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы жұмысты қалпына келтіру үшін тиісті процедуралардың жүріп жатқанын хабарлады.
«Еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-ларында жүйенің уақытша дұрыс жұмыс істемеуі байқалады. Осыған байланысты жүргізуші куәліктерін беру және көлік құралдарын тіркеу бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуде проблемалар туындауы мүмкін. Жауапты мамандар қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — делінген хабарламада.