Елімізде автокөлік сатып алушылардың саны артқан

Фото: Pixabay

Желтоқсан айында 179,4 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 44,5% артқан. Оның ішінде автобустар 24,5%, жүк автомобильдері 38% сондай-ақ жеңіл автомобильдер санын тіркеу 45,2% ұлғайған.

2024 жыл басындағы Қазақстан автопаркінің көліктің шығарылған жылы бойынша көрінісі:

20 жылдан асқан — 2 459 мың автомобиль

10-нан 20 жылға дейін — 1 265,6 мың автомобиль

7-дан 10 жылға дейін — 680,7 мың автомобиль

3-тен 7 жылға дейін — 590,8 мың автомобиль

3 жылға дейін — 319,7 мың автомобиль

«2023 жылдың 12 ай ішінде 15 886 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 22 097 адам зардап шеккен. 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда оқиғалар саны 7,1%, зардап шеккендер саны 2,5% өскен» — делінген хабарламада.