Елімізде әйелдерге арналған вагондар көбейеді

Әйелдер вагоны тағы үш бағдар бойынша қатынайтын болады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz.- ке сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, әйелдер вагондарына сұраныстың артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қозғалыс географиясын кеңейтуді жалғастырып жатыр.

 

«Мұндай вагондар №3/4 «Астана – Алматы», №33/34 «Алматы – Ақтөбе» және №71/72 «Астана – Шымкент» бағытындағы үш пойыздың құрамына енгізіледі.

 

Пилоттық режимде бұл қызмет 2021 жылы енгізілген. Әйелдер вагондарындағы қозғалыс жайлылығын бірінші болып №77/78 «Алматы – Маңғыстау» және №351/352 «Алматы – Өскемен» пойыздарының жолаушылары бағалады», — делінген хабарламада.

 

Ұлттық компания 2022 жылдың ақпан айынан бастап әйелдер вагондарының санын арттырғанын мәлімдеді.

 

«Олар №37/38 «Маңғыстау – Семей», №47/48 «Астана – Атырау» және №45/46 «Павлодар – Түркістан» пойыздарының құрамында жүре бастады», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Qazaq.today 

32