Еліміз Паралимпия ойындарын жеңіспен бастады

Пара таеквондодан 52 кг салмақ дәрежесіндегі (К44 класс) Милана Красавцева іріктеу кезеңінде Доминикан Республикасының спортшысы Геральдо Диаспен кездесті, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Негізгі жекпе-жек 8:8 есебімен тең аяқталды. Қосымша раундта Милана 10:8 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды. Келесі кезеңде біздің спортшы мексикалық Джессика Гарсия Куиджаномен кездеседі.

Фото: Туризм және спорт министрлігі