Фото: Instargam/rybakinateam
Қазақстанның бірінші теннисшісі Елена Рыбакина Сеулдегі турнирден (Korean Open) шығып қалды. Бұған дейін оның шығуының нақты себебі белгісіз болғанымен, қазір болжамды деректер пайда болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
sportarena.kz ақпаратына сүйенсек, Оңтүстік Кореяда оған арқа жарақаты кедергі болды.
Бұл Рыбакина қатысудан бас тартқан қатарынан екінші турнир. US Open-дегі алғашқы матчтан кейін Елена екінші раундқа шықпау туралы шешім қабылдады. Кейінірек ол себебін түсіндірді.
Айта кетейік, Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Париждегі Олимпиада ойындарына да қатыса алмады. Дәрігерлер оған жедел бронхитке байланысты алаңға шығуға тыйым салды.
40