Фото: Olympic.kz
Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Францияда өтетін Ролан Гаррос турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Жақында ғана WTA чемпиондық кестесінде екінші орынға көтерілген Елена Рыбакина Парижде өтетін Ролан Гаррос турниріне қатысады. Қазақстанның бірінші ракеткасының алғашқы айналымдағы қарсыласы да белгілі. Отандасымыз алғашқы матчын әлемдік рейтингіде 86-орында тұрған белгиялық Гретье Минненге қарсы ойнайды. Екеуі бұған дейін 2020 жылы Аустралия ашық чемпионаты мен Страсбургтегі турнирде кездесіп, екеуінде де Рыбакина басым түскен еді.
40