Электрикпіз: Теміртауда жасөспірімдер қарияны үйінде жабылып соққыға жығып кеткен (ВИДЕО)

Фото: istockphoto.com

Теміртауда кәмелеттік жасқа толмаған бір топ бала соттлауы мүмкін. Олар қарт адамның үйіне баса-көктеп кіріп, соққының астына алған. Мазақтап, арсыз әрекеттерін видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Qazaq.today.

Видео әлеуметтік желіде таралып үлгерді. Egov.press мәліметіне сүйенсек, олар қарт кісіге өздерін электрик ретінде таныстырып, есігін ашқан соң соққы жаудырған. Қарт кісі жалғыз өмір сүреді, жақындарының бәрі қайтыс болған.

Қарағанды ​​облысының полиция департаменті кәмелетке толмағандардың барлығы анықталып, заңды өкілдерімен бірге Теміртау полиция бөлімінің шығыс бөліміне жеткізілгенін.

«Осы жылдың 29 наурызында аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Фото: resbash.ru