Қосшыда бір апта бұрын жоғалып кеткен 16 жастағы қыз Семейден табылды. Ақмола облысының полиция департаментінің мәліметінше, Қосшы қаласында бір апта бұрын жоғалып кеткен 16 жастағы Дильназ Сәрсенова Семей қаласынан аман-есен табылды.
2008 жылы туған Дильназ Сәрсенова 19 қазанда үйінен шығып, қайта оралмаған. Қыз телефон қоңырауларына жауап бермеген. Алғашқыда әкесі қызын өзі іздеген, бірақ нәтиже шықпаған соң, 21 қазанда ата-анасы полицияға жүгінген еді.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қыз бұған дейінде бірнеше рет үйінен кетіп, кейін қайта оралған. Жасөспірім мүгедек болып шықты. Елді бір апта әуре-сарсаңға салған Дильназ Семей қаласынан табылды, қыздың денсаулығы жақсы.
35