Эксклюзивті мазмұн:

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады....

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзақтығы мен демалыс уақытын анықтайтын бұйрықты жариялады

Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі...

Елдегі ең бай адамдардың тізіміне енген Алматының жаңа әкімі – Ерболат Досаев кім?

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы қызметін атқарған ол түрлі жылдары денсаулық сақтау, экономика, қаржы министрі болған. Мемлекеттік қызметте жүргенде басы талай рет дауға іліккен саясаткер туралы толығырақ Qazaq.Today басылымы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

52 жастағы Ерболат Досаев – Алматы қаласының тумасы. Ол Алматы энергетикалық институты мен Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің түлегі.

Ерболат Досаев 1997 жылы «Тұран Әлем Банк» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары және «АТФ Банк» ЖАҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды. Ал 1998 жылы ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі болып сайланды. Осы жылы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі міндетін атқарды.

Бұдан бөлек 2000 жылы Қаржы вице-министрі, ал 2001 жылы Қазақстан даму банкі директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

2001-2003 жылдары Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің Төрағасы, 2003 жылдан 2004 жылға дейін Қаржы министрі қызметін атқарды.

Досаев 2004 және 2006 жылдары Денсаулық сақтау министрлігін басқарды. Денсаулық сақтау министрі болған уақытта оның басы дауға ілікті. Министрді депутаттар бөлінген 250 миллион теңгені дұрыс игермеді және жарамсыз вакцина сатып алды деп айыптаған. Бұған қоса Шымкентте дәрігерлердің салғырттығынан 133 бала мен 17 ана жаппай АИТВ (ВИЧ) вирусын жұқтыруы да Досаевтың тұсында болған. Үлкен шудан кейін денсаулық сақтау министрі қызметінен шеттетілді.

Бұдан кейінгі жылдары жеке кәсіпкерлікке кетіп, «ҚазинвестБанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды. Әрі мұнай өндірісі саласындағы “Lancaster Group” корпорациясын басқарды.

Досаевтың бизнестегі басты серіктесі – сыныптасы Нұрлан Қаппаров. Олар Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатында бірге оқыған. Қаппаров сол уақытта «ҚазинвестБанк» АҚ ірі акционерлерінің бірі болған. Ал 2012 жылы Қоршаған ортаны қорғау министрі болып сайланды. Алайда Нұрлан Қаппаров 2015 жылы жүрек талмасынан көз жұмған.

Досаев корпорацияның директорлар кеңесінен 2012 жылы шығып, мемлекеттік қызметке қайта оралды. Осы жылдың 25 қыркүйегінде ол Экономикалық даму және сауда министрі қызметін атқарды. Ал 2013 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болды. Ал «ҚазинвестБанк» АҚ 2016 жылы Ұлттық банк лицензиясынан айырылған.

Экономика министрі болған тұста да Досаев көптің сынына бірнеше рет ұшырады. Мәселен 2013 жылы ол басқарған ведомство тұрғын үй мен көлікке салынатын салықты көтеру бастамасын ұсынған.

2014 жылы министрлік қайта құрылып, Досаев Ұлттық экономика министрі болып сайланды. Дегенмен бұл қызмет те де ол көп отырмады. 2016 жылы қазақстандықтар “Жер кодексіне” енгізілген түзетулерге, атап айтсақ, 1,7 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін сатылымға шығаруға қарсы болып, жаппай митингке шыға бастады. Осы жағдайға байланысты 2016 жылы мамырда үкімет отырысында сол кездегі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ербол Досаев пен ауыл шаруашылығы министрі Мамытбековты сынға алған болатын. Президенттің сынынан кейін Досаев отставкаға кететінін мәлімдеді.

2016 жылы «Бәйтерек» Ұлттық холдингін 1 жыл басқарған соң, Досаев 2017 жылы премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың орынбасары қызметіне сайланады.

2017 жылы Досаев «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма кеңесін басқарды. 2018 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрамынан шықты. Ал 2019 жылдың 25 ақпанын бері Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы қызметін атқарды.

Айта кетсек, министр болып сайланған тұста Досаевтың ең бай қазақстандықтардың тізіміне енуі көптің түсінбестігін тудырды. Forbes басылымының рейтингінде 19-орында табан тіреген Досаев барынша ақталуға тырысты.

“Мен мұны бұрын қалай есептегенін білмеймін. Қандай критерийлер бойынша қарады және бұл орынға қалай тұрақтағанымнан хабарсызбын. Мен – мемлекеттік қызметкермін. Менің барлық акцияларым заңға сәйкес сенімді басқаруға берілген”, – деді Досаев.

2014 жылы да ол ең бай қазақстандықтардың арасынан табылды. Дегенмен бұл жолы ол 50-ші орынға түсіп қалды. Forbes Досаевтің активтерін шамамен 110 000 000 доллар деп бағалаған. Бұл кезде ол «Lancaster Group» компаниясының 25% акциясын, «Қазинвестбанктің» 17,8% иеленген.

Соңғы

135 млрд теңге: ҰҚК қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырудың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылғы шілде айында кәсіпкерлік субьектілеріне...

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады....

Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының ұзақтығы мен демалыс уақытын анықтайтын бұйрықты жариялады

Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

135 млрд теңге: ҰҚК қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырудың жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2022 жылғы шілде айында кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ...

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС салу: сарапшылар пікірі

Биыл ақпан айында еліміздің энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі Кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін және ол...

ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы тағайындалды

Бүгін Сенат депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының жаңа төрағасын сайлады. Бұл лауазымға Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын Мемлекет басшысы ұсынды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Асламбек Мерғалиев 1972...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here