Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев Мәжілістегі талқылауда Қазақстандағы мектеп жүйесінің ерекшеліктері туралы айтты. Ол өзбек, ұйғыр және тәжік мектептерінің бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, геометрия пәнінің оқытылуы туралы мәселе көтерілді – Орта Азия елдерінде геометрия жеке пән ретінде оқытылса, басқа елдерде бұл тек математиканың бір бөлігі ретінде қарастырылады. Жұмашев бұл бағыттың математиктер тарапынан қолдау таппай отырғанын жеткізді.
Қаныбек Жұмашев әлем әдебиеті, қазақ тарихы пәндері жөніндегі ұсыныстар жан-жақты пысықталып, сарапшылардың пікірі тыңдалатынын айтады.
– Мемлекеттік орган келуі керек те, мына пәнді оқытамыз, мынаны оқытпаймыз деген шешімге келе салуы керек дегендей айтып отырсыз. Бүгінгі таңда ондай шешімді қабылдау дұрыс емес. Қоғамның пікірін, педагогтардың пікірін, ата-аналардың пікірін ескеру керек. Бәрін шенеуніктер шешуі керек деп бұрынғы үрдіс қалды. Әртүрлі ұсыныстар бар (орыс әдебиетінің орнына әлем әдебиеті енгізу туралы – авт.) Талқыланады, алдағы уақытта қаралады. Бірақ ондай шешім қазір жоқ, – деді ол.
Әлем әдебиеті мен қазақ тарихы пәндері бойынша ұсыныстар сарапшылардың пікірлері негізінде қарастырылып, жан-жақты талқыланатынын атап өтті. Сонымен қатар, депутаттар Дәулет Мұқаев пен Ринат Зайытов бастауыш сыныптарға шет тілін оқытуды бесінші сыныпқа дейін шектеу ұсынысын жасады.
Министрлік шешімдерді қоғам, педагогтар және ата-аналардың пікірін ескере отырып қабылдауды маңызды деп санайды.