Елде арақ-шарап акцизі 1000 есе өседі

Ұлттық экономика министрі Қазақстанда қымбат арақ-шарапқа салынатын салық көлемі артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қазақстандықтардың меншігінде жеке яхта, ұшақ, қымбат көліктер жайлы мәліметті жариялап отырмыз. Сән-салтанат салығы да осы санатқа салынады. Бұл салық қымбат арақ-шарапқа да қолданылады. Біз оның мөлшерін 1000 есе көтереміз», — дейді Әлібек Қуантыров.

Министр 10 жыл сақталған Macallan шарабын мысалға келтірді.

«Оның құны — 7 млн теңге. Қазіргі акцизі — 700 теңге. Біз ол акцизді 10 есе көтеріп, өз құнының 10 пайызын салығына қосамыз», — деді ол.

Қуантыров сән-салтанат салығы халықтың ішінде үлесі аз белгілі бір таптағы адамдарға ғана салынатынын атап өтті.

Еске салсақ, бұдан бұрын Ұлттық экономика министрі жаңа Салық кодексінің жобасы бойынша сән-салтанат салығын кімдер төлейтінін түсіндірген.

Сондай-ақ, қазақстандықтардың меншігінде яхталар туралы мәлімет берілген.

 

Qazaq.today