Фото: habr.com
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жоғары сынып оқушыларына мектептегі оқумен бірге колледжде білім алуға мүмкіндік беруді ұсынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Бүгінгі таңда әр өңір өз қажеттілігін өзі анықтап, мемлекеттік тапсырысты орналастырады. Жалпы мониторинг тағы да жоқ. Колледждер бойынша бірыңғай білім беру тапсырысын қалыптастыру және колледждерді жедел басқаруды Оқу-ағарту министрлігіне тікелей беру мәселесін қарастыруды ұсынамын. Колледждердің материалдық-техникалық жабдықталуын аяқтау қажет, «Жас маман» жобасының жандандырып, қалған 180 колледжді жабдықтау керек. Колледждегі гранттың құнын айтарлықтай ұлғайту маңызды, және бір студентті оқыту құнының әдістемесінде практикалық жұмысқа, шығын материалдарына және жабдықтарға жұмсалатын шығындарды ескеру керек», — деді депутат Мәжілісте өткен Үкімет сағатында.
Асхат Аймағамбетов нақты кәсіпорынның өзіне мақсатты білім гранттарын беру тәжірибесін енгізуді ұсынды.
«Яғни, грант жұмыс берушінің өзіне беріледі, ол болашақ жұмысшыларын кәсіпорынның өзі таңдайды. Өз кезегінде жұмыс беруші түлекті жұмысқа орналастыру туралы кепілдеме береді, дуальді оқытудағы практика орнын, білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысуды да кепілдейді. 10-11 сынып оқушыларына өз таңдауы бойынша мектептегі оқумен бірге колледждерде параллельді түрде оқуға мүмкіндік беру ұсынылады. Мысалы, ауылдарда оқушы түскен дейін сабақ оқиды, түстен кейін паралелльді түрде қосымша мамандық алып шығуға мүмкіндік беруші едік. Бүгін біз қарасақ, 11-сынып бітіргендердің 50 мың 11-сыныптан кейін тағы да колледждерге түсіп жатыр, олар тағы да сол пәндерді қайтадан оқитын болады. Біздің ойымызша, 10-11 сыныпта оқып жатқан балаларға колледжерде паралелльді оқу мүмкіндігін беру. Бұл ақшаны да азайтады, балалардың оқудың да тиімді жұсауға мүмкіндік береді, оларды мектепті бітіргенде аттестатпен қоса, нақты бір мамандықты алып шығатын болады», — деді мәжілісмен.