Ел түрмелерінде 700-ден аса мүгедек жазасын өтеп жатыр

Уәкіл мүмкіндігі шектеулі сотталғандарға жағдай жасалмағанына назар аударған.

– Қазір бас бостандығынан айыру мекемелерінде қосымша мұқтаждығы бар 763 адам болса, оның 732-сі ер адам, 31-і әйел. Алайда мекемелердегі жағдайлар ең төменгі халықаралық стандарттарға толық сәйкес келмейді, – делінген ақпаратта.

Артур Ластаев елімізде әртүрлі санаттағы сотталғандарды орналастыра алатын заманауи көпсалалы аралас режимдегі колониялар құру туралы ұсыныс айтқан.

– Түзеу мекемелерінде 700-ден астам мүмкіндігі шектеулі адам жазасын өтеп жатыр. Әрине, олар ерекше жағдайларды талап етеді және түзеу мекемелері мұны ескеруі керек. Оларға лайықты жағдай жасау – заң талабы ғана емес, біздің адамгершілік парызымыз. Осы адамдардың құқықтарын қамтамасыз етіп, қоғамда әділдік пен адамгершілік қағидаттарын нығайтып, әрбір адам қандай жағдайда болғанына қарамастан құрмет пен лайықты қарым-қатынасқа лайық екенін дәлелдейміз, – дейді Ластаев.