Фото: egemen.kz
Мереке күндері Қазақстан полициясы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Республика бойынша 22 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі қызметке кірісті.
Сонымен қатар жедел басқару орталықтарының бейнебақылау жүйесі арқылы мерекелік іс-шаралар өткізілетін орындарда бақылау күшейтілді.
Жалпы ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі шараларын сақтауға аса мұқият кіріспек.