«Екіжүзділік пен озбырлық деп санаймын»: Тоқаев қаңтар оқиғасын қайталағысы келетіндер жайлы айтты

Қаңтар оқиғасы кезінде жағдай тұрақталғанда көшеге шыққандар халықтың жағдайын ойлаған кейіп танытып, екіжүзділік көрсетті. Бұл туралы бүгін Алматы жұртшылығымен кездескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы. 

«Мен бұны екіжүзділік пен озбырлық деп санаймын. Өкінішке қарай, олар қазір де осы қауіпті ойынды жалғастыруға тырысып жатыр. Олар үшін бұл жай ғана ойын, оларды әлеуметтік желідегі түкке тұрғысыз танымалдылық пен құпия демеушілердің көңілін аударуға деген ниет қана мазалайды. Бұдан қарапайым азаматтар мен мемлекеттің мүддесі зардап шегеді», – дейді Тоқаев.

Президент сайлау алдында мұндай әңгіме айтуға болмайды десе де өзі үшін шындық маңызды екенін алға тартып отыр.

«Сайлаудың алдында мұндай әңгіме айтуға болмайтынын жақсы түсінемін. Бірақ шындықты айтқаным дұрыс деп шештім. Халқымыз қашанда ақ пен қараны ажырата білген. Сондықтан, мұндай адамдардың Қазақстанда ешқандай саяси болашағы жоқ және болмайды дегенге кәміл сенемін. Алайда, олар еліміздегі жағдайды тұрақсыздандыруға тырысқан әртүрлі деструктивті күштердің қолындағы көсеу болып кете алады», – дейді ол.

Тоқаев жауапты бүкіл қоғамдық-саяси күштердің арасындағы конструктивті диалогтың арқасында бұған жол бермеу керек деп атап өтті.

«Мен қоғамның мықты әрі дамыған ел құруға деген стратегиялық мақсатымыздың орындалатынына үмітпен қарайтынын көріп отырмын. Ең маңыздысы осы. Біз қауіп-қатерлерді жеңіп, алға қойған міндеттерге қол жеткіземіз дегенге сенемін», – деді ол.

Соңғы

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы»...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен...

Махамбет Әбжанға шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, -...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Ақтауда 3 баланың өліміне әкесі күдікті ретінде ұсталды

Ақтау қаласы 27 шағын аудандағы пәтердің бірінен 3 баланың мәйіті табылды. Олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар. Бұл туралы полиция мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today. 2011, 2014...

«Сыған серенадасы» пьесасы әкеміздің абыройына нұқсан келтіреді – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы

Композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы ақын Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» спектаклін қою арқылы әкесіне қиянат жасалғанын айтады. Мұхтар Шәмшіұлының айтуынша, әкесі ешқашан сығандардың тобырында болмаған,...

Қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды

Қаржы мониторингі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп «Qnet» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Бұл компания Астана мен...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here