Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова жеке өміріндегі жаңалығымен бөлісіп, оқырмандардан сүйінші сұрады. Бұл туралы Qazaq.today жазды.
«Бұйырса, осы жап-жаңа, өте әдемі, премиум сапада жасауым жаңа отауымның төрінде жарқырап тұрады! Құттықтап қойыңыздар!», — деп жазды ол.
Аталған жаңалыққа қатысты оқырмандардың пікірі қақ жарылған. Олардың бірі әншіге бақыт тілесе, енді бірі үшінші рет тұрмыс құрса да, «тыныш, еш шусыз» тұрмыс құруын сұраған.