Екібастұзда зират маңынан қапшыққа салынған мәйіт табылды

Екібастұзда полиэтилен қапшықтан адамның денесі табылды. Полиция жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды, деп хабарлады Qazaq.today Halyq Uni -не сілтеме беріп.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 24 сәуірде Екібастұзда еріген суларда, Қ. Нұралин көшесіндегі ескі зиратқа кіре берісте полиэтилен қапшықтан адамның қаңқалы мәйіті табылған. ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Павлодар облысының ПД жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды.

Қаңқалы мәйітте «Челси» футбол командасының эмблемасы бар Adidas фирмасының көк түсті футболкасы; Nike фирмасының эмблемасы бар қара түсті спорттық шалбар; сұр жолақтары бар қара түсті күртеше және қара түсті шұлықтары бар.

Ведомство өкілдері қандай да бір ақпараты бар кез келген адамды төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарлауды сұрайды:

  • Екібастұз қаласы ПБ кезекші бөлімі: 8 (7187) 75-06-06, 75-05-54, 75-05-45.
  • Қылмыстық полиция бөлімі: 8-776-269-41-28, 8-775-334-57-95.
  • 102 телефоны бойынша.

Анонимділікке кепілдік беріледі!

Еске сала кетсек, бұған дейін Көкшетаудағы зираттан пакетке оралған адамның бас сүйегі табылған болатын.

 

Qazaq.today