Екі жасар бала Каспий теңізіне батып кетті

Маңғыстау облысында екі жасар бала Каспий теңізінде суға батып кетті, — деп хабарлайды Qazaq.today.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

— Қайғылы оқиға Маңғыстау облысының Құрық ауылынан 5 шақырым жерде шомылуға жабдықталмаған аймақта орын алды. Себебі — судағы мінез-құлық ережелерінің талаптары мен нормаларын бұзу. Оқиғаның мән-жайын жедел тергеу тобы анықталып жатыр, — делінген ведомство хабарламасында.

ТЖМ өкілдері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, атап айтқанда балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.