Әнші Айгүл Иманбаеваның келініне қатысты ақпар шықты. Бұл туралы журналист Анна Данченко жария етті, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат порталы .
Тележүргізушінің сөзінше, белгілі бір себептерге байланысты екі жастың тойы болмай қалған.
«Айгүл Иманбаеваның шаңырағында қос қуаныш. Ұлы Аслыжанның үйленіп, балалы болғанын көбісі білмейді екен, себебі әншінің баласы жеке өмірін жария етуден алшақ. Жан-жары — Жансая, өзінен 2 жас үлкен. Екеуі бір саладан. Айсұлу есімді қыздары бар, бұйырса, жақында тағы да бөпелі болады. Бүгін Алматыда қос ғашықтың құрметіне дастархан жайылды. Белгілі себептерге байланысты үлкен үйлену тойлары болмады. Енді міне, Айгүл ханым ұлы мен келініне той жасап, артынша немересінің тұсаукесерін өткізді», — деп жазды журналист.
Айта кетейік, Иманбаеваның келіні екінші сәбиіне жүкті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram