2023 жылдың 1 маусымында Жетісу облысы прокуратурасының бастамасымен өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Бизнесті бірге қолдаймыз» атты кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша Форум өткізілді. Оған жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, сондай-ақ облыстың бизнес-қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Форумда мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлерді негізсіз тексерулері, оларға кедергілер жасаудан және олардың кәсіпкерлік қызметке араласуынан көрінген құқықтарын бұзуы талқыланды. Ағымдағы жылы облыс прокуратурасымен 2 мыңнан аса кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды. Негізгі бұзушылықтарға мемлекеттік сатып алу саласы және салық, жер органдарында жол берілген.
Мысалға, тіркелген тексерулер жүзеге асырылған кезде жер ресурстарын басқару Департаменті өз жерлерін пайдаланбағандары үшін 700-ден астам бизнес субъектілеріне ауыртпалық түсірген. Мемлекеттік органның әрекеттерін прокуратура заңсыз деп танып, енгізілген нұсқамалар мен шектеулерді жойды.
«Мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтың тағы бір мысалы. Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпкерлерге жалпы сомасы 250 млн теңгеге орындалған сатып алу шарттары бойынша кепілдік қамтамасыз ету қайтарылды. Жалпы, қадағалау актілері бойынша мемлекеттік, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының 25 лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Прокуратураның мобильді топтарымен кәсіпкерлерден 27 сигнал пысықталды», — деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы.
Форум жұмысы аясында прокуратура мобильді топтың арнайы Web-сайтымен таныстырды (mobgroupp.kz с QR-кодымен), Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басқармасымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.