Әнші Сейфуллин Жолбарыс екінші әйелі Екатеринамен де ажырасып кеткенін хабарлады. Оның сөзінше, ажырасу екі жыл бұрын болған. Бұл туралы ол өзінің ресми Instagram парақшасында жазып, өзіне артыфқ сұрақ қоймауын сұрады, деп хабарлайды Qazaq.today.
«Өзара ортақ шешімге келіп, біз екеуміздің екі жыл бұрын ажырасқанымызды растаймыз. Еш өкпесіз, бір-бірімізге алғыс айта отырып, қыздарымызға жақсы әке мен жақсы ана болуға тырысамыз. Журналистер және өзге адамдардың артық сұрақтар қоймауын сұраймыз», — деп жазды Сейфуллин Жолбарыс.
Әнші Instagram парақшасының дәл осы жарияланымына пікір жазу құқығын шектеп қойған.
52 жастағы Сейфуллин Жолбарыстың бірінші некесінен екі ұлы бар. Кезінде шешесімен бірге де сахнаға шығып, өзін жақсы қырынан көрсеткен әнші бірінші әйелінен ажырасып, телеарнаға тіл конкурсына қатысуға келген С.Екатеринаға үйленген. Екінші әйелі де әншіге қос қыз сыйлады.
Фото: Instagram/s_zholbarys_official