Екі дүркін Олимпиада чемпионы 9 жылға сотталды

Мәскеу маңындағы Химки қалалық соты америкалық баскетболшы Бриттни Грайнерді тоғыз жыл бас бостандығынан айырып, контрабанда үшін 1 миллион рубль айыппұл төлеуді міндеттеді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Сот шешімі бойынша Грайнер абақтыға қамалады.

Басылым мәліметінше, спортшы кінәсін толық мойындап, Ресейде тыйым салынған затты емдік мақсатта қолданатынын айтқан. Яғни, Аризона штатында Грайнердің дәрігері марихуананы емдік мақсатта қолдануға рұқсат берген екен.

Тек Ресейге шығар алдында заттарын тез жинағандықтан, тыйым салынған зат киімдерінің арасында қалып кеткен көрінеді. Осыған қатысты ол УГМК командасы мен ата-анасынан кешірім сұрайды.

Еске салайық, ақпан айында Нью-Йорктен Мәскеуге ұшып келген америкалық баскетболшыны Шереметьево әуежайында полиция қызметкерлері тұтқынға алған еді.

Грайнер – әлемдегі ең беделді баскетболшылардың бірі. Ол АҚШ құрамасының сапында екі рет Олимпиадада жеңсе, 2014 жылы Финикс сапында WNBA чемпион атанды. 2015 жылдан бастап Екатеринбургтің УГМК командасында ойнаған.

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here