Екі азаматтық: шетелдік паспорттары бар 935 қазақстандық анықталды

Осы жылдың басынан бері шекарашылар шетелдік паспорттары бар 935 қазақстандықты анықтады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат орталығы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Валерия Змейкова

«2024 жылғы 14 және 16 қазанда ҚР ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде басқа мемлекеттің азаматтығы бар жеті Қазақстан Республикасының азаматын ұстады. Ұсталғандар полиция органдарына одан әрі тергеу жүргізу үшін берілді. Жыл басынан бері шекарашылар қос азаматтығы бар 935 адамды анықтады», — деп хабарлады ҰҚК.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ҚР заңнамасына сәйкес, екінші азаматтыққа ие болу 200 АЕК-ке дейін айыппұл салуға немесе әкімшілік түрде елден шығарып жіберуге жазаланатынын еске салады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда азаматтық алу кезінде мемлекеттік тілді және ел тарихын базалық деңгейде білу талабы енгізілетіні туралы хабарланған болатын.