Фото: instagram.com/tamara_assar_official
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Тамара Асар сахналық образдарын көрсетіп, неге ұзын көйлек пен белдемше киетінін түсіндірді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Өнер иесі сахналық образдарының өзіндік ерекше тарихы бар екенін алға тартты.
«Мына сәукелемнің аты бар. Оны «Әйел әлемі» деп атадым. Жақындап қарасаңыз, әйелдің бейнесі суреттелгенін байқауға болады. Әйелдің көйлегінің етегі осылай жерге табан тіреп, нық тұруы керек. Жанында қорғаны болуы керек деп шетін осылай көмкердім. Осы бас киімді өзімше осылай ырымдап сахнаға алып шыққанмын», — деді әнші.
Сонымен қатар Тамара Асар алғаш рет аяғындағы протезбен сахнаға шыққан кезін еске алды.
«Мына қызыл белдемше мен үшін өте ерекше. Ұзақ уақыт қиындықтан кейін алғаш рет сахнаға шыққанда осы қызыл белдемшені киіп шыққанмын. Әлі есімде, бірінші рет аяғымдағы протезбен сахнаға шыққан едім. Ол кезде протезім өте қалың, ауыр еді. Екі аяғым екітүрлі боп тұратын. Кеңес Одағының кезінде протез тері мен ағаштан жасалатын ғой, содан салмағы ауыр болатын. Соны көрсетпеу үшін осындай ұзын қызыл белдемше киіп сахнаға шықтым», — деді өнер иесі «Әйел әлемі» бағдарламасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram