Египетке демалуға барған шетелдік туристер теңізге батып кетті. Марса-Алам қаласының жағалауында ондаған турист мінген яхта Қызыл теңіздің түбіне батты. Кеме бортында әртүрлі елден жиналған 31 турист және экипаждың 14 мүшесі болған. Құтқарушлыар 17 адамның денесін әлі таппай жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today.
44 метрлік яхта 24 қарашада Порт-Галиб қаласынан дайвинг-турға шыққан. Туристер араға бес күн салып Хургада-Маринаға оралуға тиіс болғанмен, кейін қайықтан апат сигналы түскен. Теңізді аралауға шыққан қайықта 31 турист және 14 экипаж мүшесі болған. Іздеу-құтқару операциясы кезінде суға батқан кемеден 28 адам шығарылды, 17 адамның денесі әлі табылған жоқ.
Су астынан аман шыққандардың кейбірі ұшақпен ауруханаға жеткізілген, басқалары Египеттің әуе кемесін күтіп отыр.
Almasryalyoum порталы таратқан ақпаратқа сенсек, катерде Германия, Испания, Бельгия, Қытай, АҚШ, Словакия, Швейцария, Ұлыбритания, Польша, Норвегия, Ирландия, Финляндия және Египет азаматтары болған.
Трагедиялық жағдайдың неден орын алғаны белгісіз.
фото: sun9-79.userapi.com