«Егер қазақта бір нәрсе жоқ болса, ол әлемде әлі шықпаған»: Тарихшы халқымыз жайлы тың деректермен бөлісті

Әлеуметтік желіде 70 мыңға жуық оқырманы бар тарих, туризм және рух тақырыптарында, әсіресе, көшпенділердің қару-жарағы жайында кеңінен насихаттап жүрген Нұрқожа Ерсайын «Aitarym bar» подкастында қазақтың тарихтағы технологиядан кенде қалмағаны жайында айтып берген, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Нұрқожа Ерсайынның айтуынша, әлемде не пайда болса да, сол кезде ол нәрсе Қазақстанда да пайда болған.

«Мен ең көп айтатын нәрсе — мылтық. Мылтық XV ғасырдан бастап қазақтарда бар. Ал оны естігендер «аа» деп қоя салады. Негізі мылтықтың пайда болған кезі де он бесінші ғасыр ғой», — деген Н.Ерсайынның келтірген дәлел-дәйектерін пікірде көпшілік қолдаған.

Тіпті теміржолды да салуға инвестиция тартқан да қазақтар екен. Бізде теміржол қашан пайда болса, Англияда да сол уақытта пайда болды. Көшпенді болсақ та, жабайы болмағандығымызды айтады.