Анджелина Джоли и Брэд Питт
Фото: GLOBAL LOOK PRESS.
Голливуд тарихындағы ең ұзақ, әрі ең даулы ажырасулардың бірі аяқталды. «Голос Америки» басылымының жазуынша, даулы ажырасу оқиғасына нүкте қоюға 8 жыл кеткен.
Джолидің адвокаты Джеймс СаймонAssociated Press агенттігіне жұптың келісімге келгенін растады.
— Сегіз жылдан астам уақыт бұрын Анджелина Питт мырзамен ажырасуға арыз берген. Ол және балалары Питт мырзамен бөліскен барлық мүлкін қалдырды, содан бері ол бейбітшілік пен отбасын дұрыстауға назар аударды. Шынымды айтсам, Анджелина қатты шаршағанымен, процестің осы бөлігінің аяқталғанына қуанышты, — деді Саймон.
Сот құжаттары әлі жіберілген жоқ және келісімді судья бекітуі керек. Питттің адвокаты түсініктеме беру туралы өтінішке жауап бермеді. 49 жастағы Джоли мен 61 жастағы Питт 12 жыл бойы Голливудтың ең жарасымды жұптарының бірі болды. «Оскар» иегерлері бірге алты бала тәрбиеледі.
Ұзақ уақытқа созылған ажырасу кезінде ерлі-зайыптылардың алты баласының төртеуі кәмелетке толып, қамқорлық туралы келісімнің қажеттілігін жойды.
Кәмелетке толмаған екеуі ғана қалды – 16 жастағы егіздер Нокс пен Вивьен.
2017 жылы GQ журналына берген сұхбатында Питт ұшақ оқиғасы мен ажырасу кезінде ішімдік ішу проблемасы болғанын, бірақ содан бері ішуді қойып, терапиядан өткенін айтты. Ол отбасылық рейстегі мінез-құлқын ақтаған жоқ.
Анджелина Джоли мен Брэд Питт арасындағы роман 2004 жылы «Мистер және миссис Смит» фильмінің түсірілімі кезінде басталды. Ол кезде Питт актриса Дженнифер Энистонмен әлі ресми түрде ажыраспаған еді.