Димаш Құдайбергеннің орындауындағы ән ең көп тыңдалған 100 композицияның қатарына енді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
– Әлемнің түкпір-түкпірінен 120 миллионнан астам трекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін франциялық Deezer музыкалық ағынды платформасында «Love’s Not Over Yet» Мажарстандағы ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді, — делінген жазбада.