Еңіреп жылады: Үшарал ауданында 10 млн теңге «бопсалады» деп айыпталған блогер 6 жылға сотталды (ВИДЕО)

Үшарал ауданында 10 млн теңге «бопсалады» деп айыпталған блогер 6 жылға сотталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Жетісу облысы Үштөбе қаласының блогері жергілікті кәсіпкерден постты өшіру үшін 10 млн қаражат бопсалады деп екі айға уақытша ұстау изоляторына қамаққа алған еді.  Бүгін сот блогерді 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Блогердің өзі мен ешкімнен ақша бопсалаған жоқпын,менің кінәм жоқ маған ол ақшаны лақтырып жіберді, деп ақталуда.

Бұл маған істеген жергілікті шенділердің ісі дейді.