Мақпал Жүнісова мен Майра Ілиясова жез таңдай әнші Бибігүл Төлегенованың үйіне арнайы барып, сый-cыяпат көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Халық әртістері атақты әншіге тілектерін айтып, бағалы ішік тарту еткен.
«Мақпал екеуімізден бөлек, тағы бір Халық әртісі Роза Рымбаева үшеуіміз сізге құрмет көрсеткіміз келді. Бірақ Роза Ақтөбедегі іс-шараға аттанып кеткендіктен келе алмады», – деді Майра Ілиясова.
Қос әнші халық әртісі жайған дастарханнан дәм татып, қонақ болды. Әдемі отырыстан кейін Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде жазба жариялады.
«Қазақтың ұлы әншісі, бұлбұлына Бибігүл Төлегеноваға осы күнге дейін «Еңбек Ері» деген атақ берілмегенін бүгін қызының аузынан естіп, таңғалдым. Арамызда жүргенінде неге 95 жасқа дейін марапаттамаған екен?», – деп жазды ол.