Ақ үй тағы да АҚШ президенті Джо Байденнің денсаулығына қатысты алаңдаушылықты сейілтуге тырысып, журналистерге оның Паркинсон ауруымен ауырмайтынын айтты, деп жазады Qazaq Today агенттігі.
Журналистерді бәрінен бұрын невропатолог әрі Паркинсон ауруының маманы Кевин Каннардтың Ақүйге не үшін барғаны қызықтырды, деп мәлімдеді kaz.inform.kz.
Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, Вашингтон маңындағы Уолтер Рид ұлттық әскери медицина орталығында жұмыс істейтін Каннард өткен жылдың тамызынан 2024 жылдың наурызына дейін Ақ үйге сегіз рет келген.
Оның Ақ үйге кіруі жалпыға қолжетімді кіру журналында тіркелген. Кездесудің бірінде президенттің емдеуші дәрігері Кевин О’Коннор келуші ретінде көрсетілген.
Карин Жан-Пьер қауіпсіздік себептерін алға тартып, Ақ үйге қандай мамандар келгенін айтудан бас тартты.
Осы жылдың басында Ақ үй дәрігері Кевин О’Коннор Джо Байденді тексеру кезінде Паркинсон ауруының белгілері табылмағанын айтты.
27 маусымда Дональд Трамппен болған сәтсіз дебаттан кейін Ақ үйге және жеке Джо Байденге қысым күшейді.
Алайда, Байден президент сайлауына түсуге дайын екенін айтады.
Бұған дейін Конгрестің бес демократы (Техас, Аризона, Иллинойс, Массачусетс және Миннесотадан келген Өкілдер палатасының мүшелері) Байденді сайлаудан бас тартуға ашық түрде шақырған.
Оларға дүйсенбіге қараған түні Вашингтон штатының конгресмені Адам Смит қосылды.
Дүйсенбі күні Джо Байден MSNBC-тің таңғы Morning Joe шоуына күтпеген жерден қоңырау шалып, оны президенттік бәсекеден шығуға шақырғандардан көңілі қалғанын айтты.
«Менің сайлауға түсуіме қарсылық білдіргендер өзіме қарсы шықсын. Президенттікке үміткер болып, басымыз қосылғанда мені дебатқа шақырсын», — деді ол.
Бірінші ханым Джилл Байден де күйеуін қолдайтынын ашық айтты.
Фото: Marco Bello / Reuters