Джо Байден коронавирус жұқтырды

Ақ үй президент Джо Байденнің коронавирус жұқтырғанын мәлімледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

АҚШ президенті осыған байланысты Лас-Вегаста өтетін конференцияға қатыса алмайды.

Байденнің сырқаты туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер хабарлады. Ол президент Делавэрдегі резиденциясында оқшауланатынын алға тартты. Сөйте тұра ол АҚШ президентінің міндетін атқара береді.

«Ол бірнеше рет вакцина алған, сырқат жеңіл өтіп жатыр», — деді Жан-Пьер.

Фото: Nathan Howard/Reuters