Дженнифер Лопестің концерті Алматыға 5 млрд теңге пайда әкеледі

10 тамыз күні Алматыда танымал америкалық әнші Дженнифер Лопестің концерті өтеді деп жоспарланған. Айтулы іс-шарад ел экономикасына 5 млрд теңге әкеледі. Бұл туралы Astana Concert компаниясының продюсері Мәлік Хасенов айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Алматыда өтетін концертке билетті 29 елден көрермендер сатып алған. Олардың арасында ТМД елдерінен басқа, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Швейцария, Қытай, Түркия және Мексикадан келетін адамдар да бар.

«Алматы қаласының туризм басқармасының дерегінше, әр турист орта есеппен 3-5 күнге келеді және осында 1500 доллар жұмсайды. Егер де 8000 турист келіп, осындай сома жұмсайтын болса, қонақ үйлер, мейрамханалар, экскурсиялар және концерт билеттері арқылы қала экономикасына түсетін кіріс шамамен 5 миллиард теңге болады», – деді Мәлік Хасенов.