Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертінің билет бағасы белгілі болды

Фото: https://dzen.ru/

Әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің Алматы қаласында өтетін концертіне билет қанша теңгеден сатылатыны мәлім болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бағаны ticketon.kz сервисі жариялады. Билеттер 28 мамырдан бастап сатыла бастайды.

Дженнифер Лопес ән шырқайтын сахнаның дәл алдында орналасқан VIP-аймақтағы орындар 180 мың теңге тұрады. Сахнаға жақын орындарға билет арзанырақ – 160 мың теңге.

120 мың теңгеге Fan zone мен сахнаның екі жағындағы орындарды таңдауға болады. Dance floor секторына билет 90 мың теңге тұрады. Сахнадан алыс орналасқан секторлардағы орындар құны 40 мың мен 80 мың теңге аралығында сатылады.