Дулат Бекбауов кәсіпқой боксқа бет бұрды

Фото: olympic.kz

Әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов кәсіпқой боксқа бет бұрды, — деп хабарлайды Qazaq Todaу ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Отандасымыз 11 шілдеде Алматыда өтетін бокс кешіне қатысады.

Дулаттан өзге Илья Калинин, Елнұр Сүйінбай, Армат Арманұлы және Саматәлі Төлтаев сынды боксшылар да шаршы алаңға шығады.

Бокс кеші мен қарсыластары туралы ақпарат кейінірек жарияланады.