Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын Димаш шоу-концертімен қорытындылайды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Астана төрінде Димаш Құдайбергеннің шоу-концерті өтеді. Бұл туралы әншінің анасы Света Айтбаева өзінің Instagram-дағы парақшасына жазды.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық басталып кетті. Бұйырса, әсем қаламызды көруге келетін қонақтарды құшақ жая қарсы аламыз. Көшпенділер мерекесін Димаштың шоу-концертімен қорытындылаймыз деп жоспарлап жатырмыз. Алда керемет кездесулер, тамаша таныстықтар және қызу дайындықтар…

Келеді барлық әлем Астанаға,

Қонады Астанаға барша құстар» деген әнімізбен баршаңызды күтеміз», — деп жазды Света Айтбаева.

41