Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қазақстан ұлттық құраманың еншісінде 114 медаль, оның 44-і – алтын, 33 күміс, 37 қола жүлде.
Командалық есепте екінші Қырғызстан екінші орында тұр. Жиыны 64 медаль, оның 18-і алтын, 21-і күміс, 25 қолода жүлде.
Үшінші орында Өзбекстан тұрақтады. Жалпы 34 медаль еншілеген, оның 11-і алтын, 12-сі күміс, 34-і қола жүлде.
Еске сала кетсек, соңғы жарыс күнінде ұлттық құрама спортшылары 11 алтын, 9 күміс, 9 қола жүлде жеңіп алды.
«Қазанат» ипподромында өткен бәйгеден Қазақстан 18 жүлдеге ие болды: 6 алтын, 7 күміс, 5 қола.
Ұшқыр бәйге 1 600 метр:
1-орын: «Шағала, шабандоз – Рамазан Табылдиев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тілек Мұқанбетқалиев (Қазақстан);
2-орын: «Арлан, шабандоз – Мырзабек Қаппышев, бапкері – Тұрғанжан Юлдашев, ат иесі – Бұлғынов Мерхат (Қазақстан);
3-орын: «Струна, шабандоз – Расул Алпысбай, бапкері – Есбол Нұрасылов, ат иесі – Асылан Жиембет (Қазақстан).
Ұшқыр бәйге 2 400 метр:
1-орын: «Берил Рэйсер», шабандоз әрі бапкері – Асланбек Байкенов, бапкері Байкенов Асланбек, ат иесі – Бахтияр Байзаков (Қазақстан).
2-орын: «Адай», шабандоз – Мырзабек Каппушев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тлек Муканбеткалиев,(Қазақстан);
3-орын: «Роузлайн», шабандоз әрі бапкері – Дәурен Жүсіпов, ат иесі – Карабай КФХ (Қазақстан);
Ұшқыр бәйге 3 200 метр:
1-орын: «Лайф’с Э Бриз», шабандоз – Мырзабек Каппушев, бапкері және ат иесі – Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан);
2-орын: «Уэст Кост Найт», бапкері – Жүсіпов Дәурен, ат иесі Жүсіпов Дәурен ат иесі Карабай КФХ,(Қазақстан);
3-орын: «Аляска Тайгер», шабандоз әрі бапкері – Рамазан Табылдиев, ат иесі – Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан).
Жорға 9 шақырым:
1-орын: «Чиксон Лок». Шабандоз – Жайлообек уулу Чубан, бапкері – Жайлообек уулу Чубан, ат иесі – Жақыпбек Қарыпбеков (Қырғызстан);
2-орын: «Ақ-жауын». Шабандоз – Ербұлан Тілеуғалиұлы, бапкері – Шабдан Алмазбекұлы, ат иесі – Қымбат Тілеуғалиұлы (Қазақстан);
3-орын: «Императрица». Шабандоз – Нурэл Иранов, бапкері – Жайлообек уулу Чубан, ат иесі – Омурбек Бабанов (Қырғызстан).
Құнан бәйге 11 шақырым:
1-орын: «Қамысқұлақ», шабандозы – Әмір Серік, ат иесі – Біржан Шаймерденов, бапкері – Қуаныш Шақанбаев (Қазақстан)
2-орын. «Айшуақ», шабандозы – Аңсар Арыстанбек, ат иесі – Алтынбай Қасым, бапкері – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан)
3-орын. «Бақторы», шабандозы – Ділнұр Нұрмұқаш, ат иесі – Айбек Бейісбаев, бапкері – Әділет Ноқатай (Қазақстан).
Топ бәйге 18 шақырым:
1-орын: «Холибой», шабандозы Бақтыбай Сержан, бапкері Медет Ералимов, ат иесі Еділ Бұралқиев (Қазақстан);
2-орын: «Зымыран», шабандозы Арнат Мұратхан, бапкері Табылдиев Нұржігіт, ат иесі Табылдиев Нұржігіт (Қазақстан);
3-орын: «Кемеңгер», шабандозы Жанболат Марден, бапкері Саламат Ахметов, ат иесі Бекболат Серікбеков (Қазақстан).
Аламан бәйге 25 км шақырым:
1-орын: «Айқабақ», шабандоз – Аңсар Арыстанбек, бапкері – Сапарғали Сатпаев, ат иесі – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан);
2-орын: «Жұмыртұяқ», шабандоз – Хамза Аманкелді, бапкері – Марат Ақберлинов, ат иесі – Марлан Бектенов (Қазақстан);
3-орын: «Қара қыз», шабандоз – Элесов Нурэл, бапкері – Керимбеков Нурбек, ат иесі – Сырғақ уулу Изат (Қырғызстан).